Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сайлау бюллетендеріне "бәріне қарсымын" деген жазу енгізген жөн екенін айтты, деп хабарлайды Bestnews.kz тілшісі.
«Біздің басты мақсатымыздың бірі - адам құқықтарын толық қорғау. Бұл ретте, азаматтардың таңдау еркіндігін барынша қамтамасыз ету өте маңызды. Әлемдік тәжірибеде адамның қандай да бір сайлауға келіспейтінін немесе үміткерлердің бәріне қарсы екенін заңды түрде білдіру құқығы кеңінен қалыптасқан. Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан, барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне "бәріне қарсымын" деген жазу енгізген жөн. Бұл бастама азаматтардың сайлау құқығын қорғауға жағдай жасайды. Таңдауы жоқтығын ресми көрсетудің өзі таңдау емес пе?!» - деп Қазақстан Президенті VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде атап өтті.
Читайте новости по меткам:
горячие новости 364 Барыс 327 Город Астана 225 Президент Казахстана 191 Алматы 175 Олимпиада-2024 156 новости министерств 148 Куандык Бишимбаев 138 паводки 135 погода 90 дети 82 пожары 69 хоккей 64 происшествия 64 футбол 63 школы 62 праздники 59 дороги 55 МВД 53 доллар 51 бокс 51 КХЛ 47 Олжас Бектенов 45 авиация 44 налоги 42 Интернет 41 нефть 40 Минздрав 39 коррупция 38 Китай 37