Президент Казахстана дал несколько важных поручений
Bestnews.kz публикует полный текст выступления Главы государства на VI заседании Нацсовета общественного доверия.
Құрметті кеңес мүшелері!
Еліміз бір айдан кейін Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Бұл – бүкіл халқымыз үшін айрықша мәні бар мерейлі белес. Сондай-ақ, мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды меже. Осыған орай, қоғамдық маңызы бар нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Мен бұған айрықша мән беріп отырмын.
Жалпы, отыз жыл бойы кезең-кезеңмен жүзеге асырылған реформалар өмірімізді түбегейлі өзгертті. Бұл бағдарымыздың дұрыс екенін көрсетеді. Біз осы тарихи белеске мықты мемлекет және біртұтас ұлт ретінде жетіп отырмыз. Бірақ жетістіктерге тоқмейілсіп, тоқтап қалмаймыз. Алға ұмтыла береміз.
Саяси жаңғыру, экономика құрылымын өзгерту, әлеуметтік саланы дамыту жұмыстары тың қарқынмен жалғасуда. Бұған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі зор үлес қосуда.
Кеңес алғаш құрылған күннен бастап тиімді пікірталас орталығына айналды. Басқосуларда сан түрлі бастама көтерілді. Оның бәрі жан-жақты талқыланды. Елге қажет және өміршең ұсыныстар нақты реформаға ұласты.
Ұлттық кеңестің бастамаларын жүзеге асыру үшін 90-нан астам нормативтік-құқықтық акт қабылданды. Оның ішінде заңдар, Президент Жарлықтары мен Үкімет қаулылары, министрліктердің бұйрықтары бар. Осыдан-ақ Ұлттық кеңестің тиімді жұмыс істеп жатқанын аңғаруға болады.
Кеңес өз қызметін инклюзивті, ашық және жүйелі жүргізіп келеді. Оның мүшелері, өңірлерге шығып, ел ішіндегі белсенді азаматтармен жиі кездесіп жүр. Осылайша, халықпен тиімді байланыс жасау тәжірибесі қалыптасуда.
Кеңес мүшелеріне азаматтық ұстанымы және елді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған жемісті қызметі үшін ризашылығымды білдіремін.
Құрметті әріптестер!
Біздің мақсатымыз барлық саланы жаппай реформалау емес. Мағынасыз диалогтың да ешкімге қажеті жоқ. Кез-келген өзгеріс халқымыздың тұрмысын жақсарту үшін жасалуы керек. Мемлекеттілігімізді нығайтып, әлеуетімізді арттыруды көздейтін ұсыныстарды ғана жүзеге асырған жөн. Бұл – мен үшін айқын ұстаным.
Ұлттық кеңес қызметіне кірісер кезде қаншама күдік пен күмән болды. Реформа түбегейлі өзгеріс әкелмейді, үстірт жасалады деген пікірлер айтылды. Алайда, жұмыс нәтижесі мұндай пайымның қате екенін көрсетті.
Кеңес екі жылдың ішінде еліміздегі көптеген оң өзгеріске жол ашты. Болашақ ұстаздар мен дәрігерлердің, докторанттардың стипендиясы көбейді. Жоғары оқу орындарында сабақ беретін оқытушылардың жалақысы өсті. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті құрылды. Ерекше күтімді қажет ететін балаларға білім берудің жаңа ережелері бекітілді. Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған азаматтарға берілетін субсидия екі есе ұлғайды. Игерілмей жатқан жер теліміне салынатын базалық салық ставкасы артты. Ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдік азаматтар мен заңды тұлғаларға сатуға және жалға беруге тыйым салынды. Осы жылдан бастап жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік берілді. Оны жылжымайтын мүлік сатып алуға, ипотекалық несиені өтеуге және емделуге жұмсауға болады. Соның арқасында жарты миллионнан астам азаматымыз зейнетақы жинағын өз қажетіне жаратты.
Әлеуметтік жағынан әлсіз топтарды қолдайтын бірқатар шешім қабылданды. Биыл алғаш рет көп балалы, мүгедек баласы бар және толық емес отбасылардың балаларына білім гранты берілді. Соның нәтижесінде осындай отбасында өскен 5 мыңнан астам жеткіншек тегін оқуға мүмкіндік алды. Ерекше күтімді қажет ететін балаларға білім беру үшін бөлінетін қаржы екі есе ұлғайды. Қазір бір балаға 730 мың теңгеден астам қаражат бөлінеді.
Полная версия текста доступна здесь.
Читайте новости по меткам:
горячие новости 364 Барыс 327 Город Астана 226 Президент Казахстана 191 Алматы 175 Олимпиада-2024 156 новости министерств 148 Куандык Бишимбаев 138 паводки 135 погода 90 дети 82 пожары 69 хоккей 64 происшествия 64 футбол 63 школы 62 праздники 59 дороги 55 МВД 53 доллар 51 бокс 51 КХЛ 47 Олжас Бектенов 45 авиация 44 налоги 42 Интернет 41 нефть 40 Минздрав 39 коррупция 38 Китай 37